Center Image
IHSAN.KZ
«Рамазан сыйы» қайырымдылық керуені 50 отбасыға көмек көрсетті
«Рамазан сыйы» қайырымдылық керуені 50 отбасыға көмек көрсетті

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне «Рамазан сыйы» қайырымдылық керуені Әлихан Бөкейхан ауданына жеткізіліп, шара аясында «Төлеутай ата» мешітінде әлеуметтік көмекке мұқтаж 50 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.

«Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлы игі шараның мән-маңызын түсіндіріп, қайырымдылық шарасын ұйымдастырған «Әл Машани» мешітінің ұжымына алғысын білдірді. 

Сондай-ақ жиналған жамағатқа Рамазан айының берекесі мен қайырымдылықтың маңызы туралы насихат айтып, мұқтаж жандарға азық-түлік себеттерін табыстады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz