Қасиетті Рамазан айының құрметіне Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлының ұйымдастыруымен мешіттің ерікті жастарына арнайы ауызашар дастарханы жайылды.
Рухани кеш барысында имам жастарға жастық шақтың қадірі, уақытты тиімді пайдалану, білім алып, елге қызмет етудің маңыздылығы жайында тағылымды насихат айтты. Сонымен қатар, Рамазан айының адам өміріндегі тәрбиелік мәні мен сауапқа толы мүмкіндіктері туралы айтып, жастарды имандылыққа, ізгілікке шақырды.
Ауызашар соңында жастар өзара пікір алмасып, рухани әңгіме өрбітіп, дұға жасалды. Мұндай игі шаралар жастардың бірлігін арттырып, рухани тәрбиесіне оң әсерін тигізуде.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы