Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінде БАҚ өкілдеріне арналған ауызашар дастарханы ұйымдастырылды
«Қазыбек би» мешітінде БАҚ өкілдеріне арналған ауызашар дастарханы ұйымдастырылды
Қасиетті Рамазан айында игі дәстүр жалғасын тауып, ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен және Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұйымдастыруымен қаладағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнайы ауызашар дастарханы жайылды. 

Шара барысында мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы алғы сөз сөйлеп, жиналған қонақтарды қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Сонымен қатар, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2026 жылға арнаған «Ислам және адал қоғам» жылы аясындағы бағдарламалық баяндамасына тоқталып, оның қоғам үшін маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Қарағанды облысының бас имамы Естай қажы Айтуғанұлының ыстық сәлемі мен жүрекжарды тілегін жеткізді.

Кездесу барысында БАҚ өкілдеріне мешіт атынан арнайы сый-сияпат көрсетіліп, «Мүфтият» баспасынан жарық көрген кітаптар тарту етілді. Сонымен қатар, қонақтарға мешіттің атқарып жатқан рухани-ағартушылық және қайырымдылық бағытындағы жұмыстары таныстырылды. 

Өз сөзінде Асылхан Нұртайұлы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, оларды халық пен рухани құндылықтардың арасындағы алтын көпір деп бағалады. Ол журналистердің қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеріп, ізгілік пен бірлікті насихаттаудағы еңбегіне ризашылығын білдірді.

Жылы әрі тағылымды кездесуде БАҚ өкілдері мен мешіт қызметкерлері еркін пікір алмасып, Рамазан айының берекелі дастарханы басында рухани әңгіме өрбіді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz