Center Image
IHSAN.KZ
«Әсем киім – әйел ажары»: Қарағандыда «Haya fest» жобасы өтті
«Әсем киім – әйел ажары»: Қарағандыда «Haya fest» жобасы өтті

ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының 2026 жылға арналған жоспарына сәйкес «Әсем киім – әйел ажары» атты жоба аясында Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Haya fest» жобасы өтті.

Аталған шараның басты мақсаты – мұсылман әйелінің шариғат талаптарына сай әрі сәнді киіну мәдениетін насихаттау, сондай-ақ өңірдегі кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсету болды.

Жәрмеңкеге барлығы 49 қатысушы қатысып, 22 рейл мен 37 үстелге түрлі тауарлар қойылды. Қонақтар назарына әйелдерге арналған шариғи үлгідегі киімдер, аксессуарлар және өзге де бұйымдар ұсынылды. Сонымен қатар 8 дизайнердің арнайы топтамасынан сән көрсетілімі ұйымдастырылып, көпшілікке заманауи әрі шариғи сән үлгілері таныстырылды.

Аталған игі шараға ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы арнайы қатысып, жәрмеңкенің ашылу салтанатына қатысты. Шара барысында Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жауапты меңгерушісі Әйгерім Берікболқызы және сектор меңгерушісі Динара Құтқожақызы жаңа жобаның ашылуымен құттықтап, лентасын қию рәсімін жасады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба алдағы уақытта да жалғасын тауып, мұсылман әйелдерінің ұлттық әрі шариғи киім үлгілерін дәріптеуге, сондай-ақ кәсіпкер әйелдердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналмақ.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz