Шахтинск қаласына қарасты Долинка кенті мешітінде «Бір күнде бір хатым» атты игі жоба жүзеге асты. Аталған шара барысында имам Марданов Исмаил қасиетті Құран Кәрімнің хатым дұғасын жасады.
Қасиетті Рамазан айының қарсаңында ұйымдастырылған рухани іс-шараға мешіт жамағаты қатысып, Құран тыңдап, дұға жасады. Жиналған жамағат елдің амандығы, халықтың бірлігі мен берекесі үшін тілектерін білдірді.
Осындай рухани шаралар жамағаттың иманын күшейтіп, Құранға деген құрметін арттыруға және қасиетті айға дайындықты нығайтуға үлкен септігін тигізеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы