Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен Абай қаласындағы мектеп оқушыларына «Рамазан тәттілері» үлестірілді.
Мерейлі мереке қарсаңында өткен игі шара барысында аудан имамы мектеп оқушыларын Рамазан айымен құттықтап, оларға ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ жас буынды мейірімділікке, ізгілікке және үлкенді құрметтеуге үндеді.
Рамазан айындағы бұл игі бастама өскелең ұрпақтың жүрегіне қуаныш ұялатып, мерекелік атмосфера сыйлады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы