Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде аналарға құрмет көрсетілді
«Төлеутай ата» мешітінде аналарға құрмет көрсетілді

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлы қасиетті Рамазан айында мешіттің тұрақты шәкірттері болған аналар қауымына құрмет көрсетіп, гүл шоқтары мен Құран кітаптарын тарту етті.

Игі шара барысында имам Рауан Төлеубекұлы аналарға Рамазан айының берекесі мен мейірімі жайында айтып, олардың мешіт өміріне белсенді қатысып, діни білім алуға деген талпынысы өзгелерге үлгі екенін атап өтті. Сонымен қатар аналарға ізгі тілегін білдіріп, Алла Тағаладан дендеріне саулық, отбасыларына амандық пен береке тіледі.

Өз кезегінде аналар қауымы көрсетілген құрмет пен ықыласқа алғыстарын айтып, мешіт жамағатына ризашылықтарын білдірді.

Бұл игі шара үлкенге құрмет көрсетіп, аналардың мерейін өсірген тағылымды кездесу болды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz