Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Байқадам ауылы Ғыйзат қажы мешітінде кішкентай қыздар қауымынан құралған шәкірттердің қатысуымен Рамазан айына арналған танымдық әрі тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара Серғалиқызы Арай ұстаздың ұйымдастыруымен өткізілді.
Шараның басты мақсаты – балаларға Рамазан айының қасиетін сезіндіру, олардың жүрегіне имандылық ұялату және мерекелік атмосфера сыйлау болды.
Іс-шара барысында жасөспірім қыздар арасында «Кішкентай аспаз», «Менің арманымдағы мешіт» атты шығармашылық байқаулар өткізілді. Қатысушылар макеттер жасап, сурет салып, өз өнерлерін ортаға салып, өз өнерлерін көрсетті.
Сонымен қатар, «Рамазан қоржыны» атты шағын сый-сияпаттар табысталып, бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйладық.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы