Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нуров Махмұд қажы Нұрұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық шарасы өткізілді.
Игі шараның басты мақсаты – Рамазан айында мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты арттыру. Осы орайда мешіт жамағатының қолдауымен 50 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.
Қайырымдылық шарасы барысында жамағат бір-біріне қамқорлық танытып, Рамазан айының берекесі мен сауапты амалдарын дәріптеді. Мешіт ұжымы алдағы уақытта да осындай игі бастамалар жалғасын табатынын атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы