Center Image
IHSAN.KZ
Ақадыр кентінде Қадір түніне арналған рухани насихат өтті
Ақадыр кентінде Қадір түніне арналған рухани насихат өтті

Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Ақадыр кенті «Иса молла» мешітінің ұстазы Әлия Рахманқызының ұйымдастыруымен  әйел-қыздар жамағатына «Қадір түніндегі әйел адамның ғибадаты» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.

Кездесу барысында жамағатқа Қадір түнінің қадір-қасиеті, бұл түнде жасалатын ғибадаттардың сауабы, сондай-ақ әйел адамның құлшылықтағы орны мен амалдары туралы тағылымды насихат айтылды.

Шара барысында жамағатқа дастархан жайылып, қатысушылар қасиетті Қадір түнінің рухани мәні жайында пайдалы мағлұмат алды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz