Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қаласында 30 бүлдіршінге «Рамазан тәттісі» таратылды
Шахтинск қаласында 30  бүлдіршінге «Рамазан тәттісі» таратылды
Жылдағы игі дәстүр бойынша Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде балаларға арналған «Рамазан тәттісі» акциясы өтті. Шараны мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы ұйымдастырып, бүлдіршіндерге арнайы дайындалған тәттілер үлестірілді.

Рамазан айының қуанышын сезіндіру мақсатында өткен іс-шараға 30 бала қамтылып, оларға тәтті сыйлықтар табысталды. Мешіт имамы ата-аналар мен балаларды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Сонымен қатар мешіт ақсақалдары да осындай игі бастаманың маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Олар жас жеткіншектердің болашағына ақ тілегін айтып, бата берді.

Осындай рухани әрі тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы балалардың жүрегіне мейірім мен жақсылықтың дәні себіліп, қасиетті айдың қадірі насихатталуда.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz