Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, әлеуметтік көмекке мұқтаж үш отбасыға азық-түлік үлестірілді.
Игі шараның мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Мешіт жамағатының қолдауымен ұйымдастырылған бұл қайырымдылық көмегі Рамазан айының берекесі мен сауапты істерін насихаттауға бағытталды.
Шара барысында отбасыларға азық-түлік табысталып, оларға ізгі тілектер айтылды. Жамағат мұндай игі бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы