Қарағанды облысының Саран қаласында қасиетті Рамазан айында игі шара ұйымдастырылды. Саран қалалық мешіті ұйымдастыруымен қала тұрғындарына су мен құрма салынған себеттер таратылды.
Бұл қайырымдылық шарасының басты мақсаты – Рамазан айының рухани маңызын арттырып, мұқтаж жандарға қолдау көрсету, сондай-ақ адамдар арасында мейірімділік пен жанашырлықты нығайту. Мешіт ұжымы мен еріктілер бірлесіп, қала көшелерінде және қоғамдық орындарда тұрғындарға ауызашарға арналған құрма мен су ұсынды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы