Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінде әйел-қыздар жамағаты Құран хатымды аяқтады
«Қазыбек би» мешітінде әйел-қыздар жамағаты Құран хатымды аяқтады

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай әйел-қыздар жамағаты арасында ұйымдастырылған Құран хатым өз мәресіне жетті.

Рамазан айы бойы мешіт ұстазы Жадыра Асылтайқызының жетекшілігімен әйелдер жамағаты тұрақты түрде жиналып, қасиетті Құран Кәрімді оқып, толық хатым жасады. Рухани шара барысында жамағат Құран оқудың сауабы мен маңызы туралы насихат тыңдап, қасиетті айдың берекесін бірге бөлісті.

Құран хатымының аяқталуына орай мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы арнайы сөз сөйлеп, Рамазан айында ұйымдастырылған игі бастаманың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар Құран хатымын өткізген ұстаз Жадыра Асылтайқызына алғыс білдіріп, арнайы алғыс хат табыстады.

Жамағат  мұндай рухани шаралар әйел-қыздардың діни білімін арттырып, қасиетті Құранға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыратынын атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz