Center Image
IHSAN.KZ
Абай ауданында жастарға Қадір түнінің қадір-қасиеті түсіндірілді
Абай ауданында жастарға Қадір түнінің қадір-қасиеті түсіндірілді

Абай аудандық орталық мешітінің наиб имамы Жардыбай Ережеп жастарға «Қадір түнінің маңызы» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Уағыз барысында Қадір түнінің мың айдан да қайырлы екені түсіндіріліп, бұл түнде жасалатын құлшылық пен ізгі амалдардың сауабы ерекше мол болатыны айтылды. 

Сонымен қатар жастарға қасиетті түнді құр өткізбеу, дұға-тілек жасап, Құран оқып, сауапты істерге көбірек көңіл бөлу керектігі насихатталды.

Кездесу соңында жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, рухани пайдалы мәліметтер алды. Мұндай кездесулер жастардың діни танымын арттырып, имандылыққа бет бұруына ықпал ететіні атап өтілді. 



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz