Center Image
IHSAN.KZ
«Рамазан – адал қоғамды қалыптастыру айы» атты семинар өтті
«Рамазан – адал қоғамды қалыптастыру айы» атты семинар өтті

Шет ауданына қарасты Ақадыр кенті «Иса молла» мешітінде ұстаз Әлия Рахманқызы әйел жамағатына арналған «Рамазан – адал қоғамды қалыптастыру айы» атты семинар өткізді.

Семинар барысында ұстаз Рамазан айының рухани мәні, оның адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудағы рөлі және қоғамдағы адалдық пен ізгілікке үндейтін негізгі қағидалары туралы түсіндірді. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, діни мерекенің күнделікті өмірдегі жауапкершілікті арттыруға қалай ықпал ететінін талқылады.

Шара соңында әйел жамағаты сұрақтарын қойып, алғыс білдірді, ал ұстаз Әлия Рахманқызы оларға ізгі амалдар мен адалдықты күнделікті өмірде сақтау туралы кеңестер берді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz