Center Image
IHSAN.KZ
«Қамзе» мешітінде балалар арасында білім сайысы өтті
«Қамзе» мешітінде балалар арасында білім сайысы өтті

Сұрыптау кенті «Қамзе» мешітінің имамы Думан Қамариденұлының ұйымдастыруымен жас жеткіншектер арасында Мұсылманның 40 парызын және Пайғамбарлардың есімдерін жатқа айтудан танымдық сайыс өтті.

Игі шараның басты мақсаты – жас буынның діни сауатын арттырып, ислам құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ балаларды білімге, ізгілікке және рухани тәрбиеге баулу болды.

 Сайысқа қатысқан жеткіншектер мұсылманның парыздарын және пайғамбарлардың есімдерін жатқа айтып, өз білімдерін ортаға салды.


Білім додасының нәтижесі бойынша:

1-орын – Айару Айдынқызы (велосипед)

1-орын – Омар Ерланұлы (велосипед)

2-орын – Ералы Сырымұлы (смарт сағат)

3-орын – Ислам Рауанұлы (құлаққап)


Жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталып, мешіт жамағаты тарапынан жылы лебіздер айтылды. Шара соңында балаларға ізгі тілектер айтылып, олардың білім жолындағы талпыныстарына сәттілік тіленді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz