Сұрыптау кенті «Қамзе» мешітінде қасиетті Рамазан айының соңғы он күндігінде мешіт жамағатына арнайы ауызашар дастарханы жайылды.
Берекелі басқосуға жамағат жиналып, Рамазан айының рухани құндылықтары жайында тағылымды әңгімелер айтылды.
Шара барысында мешіт имамы Думан Қамариденұлы жамағатқа Рамазан айының соңғы он күндігінің қадір-қасиеті туралы насихат айтып, бұл күндердің мұсылмандар үшін аса маңызды екенін жеткізді. Сондай-ақ, Қадір түнінің артықшылығы мен оның мың айдан да қайырлы екені жайында тоқталып, жамағатты осы берекелі күндерді құлшылықпен өткізуге шақырды.
Ауызашар соңында жамағат бірлесіп дұға жасап, ел амандығы мен жұрт тыныштығын тіледі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы