ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай «35 мың азық-түлік себетін тарату» қайырымдылық акциясы аясында Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешіті 200 отбасыға «Рамазан сыйы» қоржынын үлестірді.
«Ислам және адал қоғам» жылы аясында өткен шара барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж, көпбалалы және жалғыз басты аналарға, сондай-ақ тұрмыстық қиындық көріп жүрген азаматтарға азық-түлік себеттері жеткізілді.
Акция барысында мешіт ұжымы мен дін жанашырларының ұйымдастыруымен мұқтаж жандарға қолдау көрсетіліп, Рамазан айының берекелі рухы насихатталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы