Center Image
IHSAN.KZ
Шет аудандық «Жанқұтты би» мешіті қадір түнін қарсы алды
Шет аудандық «Жанқұтты би» мешіті қадір түнін қарсы алды

Шет аудандық «Жанқұтты би» мешіті жамағаты қасиетті Қадір түнін қарсы алды.

Мың айдан да қайырлы бұл берекелі түнде аудан имамы Берік Алпысбайұлы жамағатты Қадір түнімен құттықтап, оның қадір-қасиеті мен рухани маңызы жөнінде тағылымды уағыз айтты.

Мешітке жиналған жамағатқа аудан әкімі Мұхит Сайлауұлы арнайы ауызашар дастарханы жайды.

Жамағат тарауық намазын өтегеннен кейін Құран хатым дұғасы жасалды. Қасиетті Рамазан айы бойы Құранды толық хатым еткен қариларға аудан имамы алғыс білдіріп, дәстүрге сай иықтарына шапан жауып, құрмет көрсетті. Сондай-ақ оларға қаржылай сыйлықтар табысталды.

Кеш барысында мешіт ұстаздарының ұйымдастыруымен жамағат арасында сұрақ-жауап сайысы өткізіліп, қатысушыларға сыйлықтар үлестірілді. Балаларға арнайы тәттілер таратылды.

Таң атқанға дейін жалғасқан рухани кеште жамағат уағыз тыңдап, құлшылық жасап, ел тыныштығы мен жеріміздің амандығын тілеп, бейбітшілік пен бірліктің баянды болуын Жаратушыдан сұрады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz