Center Image
IHSAN.KZ
«Ғыйзат қажы» мешіті қадір түнін қарсы алды
«Ғыйзат қажы» мешіті қадір түнін қарсы алды

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданына қарасты Байқадам ауылдық «Ғыйзат қажы» мешітінің жамағаты қасиетті Қадір түнін қарсы алды.

Қасиетті түнде ауыл тұрғындары мешітке жиналып, құлшылық жасап, жүрек түкпіріндегі ізгі тілектерін Жаратушыға арнады. Жамағат бірлік пен ынтымақтың маңызын терең сезініп, имани кештің шапағатына бөленді.

Рухани шара барысында уағыз-насихат айтылып, Қадір түнінің қадір-қасиеті кеңінен түсіндірілді. Жиналған қауым жүректеріне иман нұрын ұялатып, тағылымы мол кеш өткізді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz