Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде қасиетті Қадір түні жоғары деңгейде ұйымдастырылып, аудан имамы Рүстем Мұратұлы жамағатты берекелі түнмен құттықтап, Қадір түнінің қадір-қасиеті мен рухани маңызы жөнінде тағылымды уағыз айтты.
Жамағат тарауық намазын өтегеннен кейін Құран хатым дұғасы жасалды.
Қасиетті Рамазан айы бойы Құранды толық хатым еткен қариға аудан имамы алғыс білдіріп, иығына шапан жауып құрмет көрсетті.
Кеш барысында мешіт ұстаздарының ұйымдастыруымен жамағат арасында сұрақ-жауап сайысы өткізіліп, қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
Таң атқанға дейін жалғасқан рухани кеште жамағат уағыз тыңдап, құлшылық жасап, ел тыныштығы мен жеріміздің амандығын тілеп, бейбітшілік пен бірліктің баянды болуын Жаратушыдан сұрады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы