Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің ұстазы Бақыт Амантайқызы және әйел-қыздар жамағатының ұйымдастыруымен шәкірттерге рухани ауызашар берілді.
Бұл кеш – тек ауыз ашу ғана емес, жүректерді жақындатқан, иман мен мейірімге толы ерекше жүздесу болды. Жамағат болып жиналған әпке-сіңлілер Құран тыңдап, насихат алып, бірге дұға жасады.
Осындай игі басқосулар бірлігімізді нығайтып, рухани дүниемізді байыта түседі. Әрбір келген жан жүрегіне жылылық пен тыныштық алып қайтты
Алла Тағала баршамыздың ниетімізді қабыл етіп, жасаған амалдарымызға береке берсін!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы