Қарағанды қалалық «Қазыбек» мешітінде айт намазы оқылып, қасиетті Рамазан айы бойы тарауық намазын өткізіп, Құран хатым жасаған қари Алан Арманұлына құрмет көрсетілді.
Ұлық айда әр түнде тарауық намазын жүргізіп, Құран Кәрімді әуезді мақаммен толық хатым еткен қариға мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы шексіз ризашылығын жеткізіп, 2 500 000 теңге қаржылай сертификат табыстады. Сондай-ақ, қаридың иығына қазақы дәстүрмен шапан жабылып, жамағат шынайы ризашылықтарын білдірді.
Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген қариға ақсақалдардың ақ батасы берілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы