Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қаласында «Ораза айт» мейрамын лайықты деңгейде атап өтті.
Шахтинск қаласында «Ораза айт» мейрамын лайықты деңгейде атап өтті.
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде таңғы уақыттан бастап мешітке жиналған жамағат айт намазын оқып, ұлық мерекені ерекше ықыласпен қарсы алды.

Мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы жамағатты мерекемен құттықтап, «Ораза айт – ұлық мереке» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Өз сөзінде Рамазан айының рухани маңызына тоқталып, сабыр, шүкіршілік, бірлік пен бауырмалдықтың маңызын кеңінен атап өтті.

Мерекелік шаралар мешіт ауласында жалғасын тауып, жамағатқа арнайы айттық дастархан жайылды. 120 адамға арналған дастарханда ұлттық тағам – наурыз көже ұсынылып, көпшілік бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектерін білдірді. Бұл өз кезегінде жамағат арасындағы ынтымақ пен татулықты арттыра түсті.

Сонымен қатар, Ораза айт мейрамына орай спорттық сайыстар ұйымдастырылып, қатысушылар арқан тартыс, қол күрес және кір тасын көтеру бойынша бақ сынасты. Аталған шара «Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қолдауымен жүзеге асып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Жалпы, «Нұр» мешітінде өткен Ораза айт мерекесі жамағатқа ерекше рухани қуаныш сыйлап, бірлік пен ізгіліктің айқын көрінісіне айналды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz