Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде қасиетті Ораза айт мейрамына орай «Айтта жақсылық жасайық» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Игі шараның басты мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, айт күніндегі қуанышпен бөлісу. Аталған акция аясында 10 отбасы қамтылып, оларға азық-түлік пен қажетті тұрмыстық заттар үлестірілді.
Мешіт ұжымы мен жанашыр жамағаттың бірлескен еңбегінің нәтижесінде жүзеге асқан бұл қайырымдылық шарасы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға үлкен көмек болды.
Шара соңында мешіт имамы қайырымдылыққа атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдіріп, олардың жасаған жақсылықтары Алла Тағаланың алдында еселеніп қайтатынын жеткізді.
Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп жоспарлануда.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы