Қарқаралы ауданына қарасты Нүркен ауылдық мешітінің имамы Қайыржан Тезекбайұлының ұйымдастыруымен қасиетті Ораза айт пен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің құрметіне орай балалар арасында қазақтың ұлттық ойыны – көкпардан сайыс өтті.
Тағылымы мол шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, салт-дәстүрімізді дәріптеу және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Сайыс барысында балалар белсенділік танытып, ептілік пен батылдықтың үлгісін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан қатысушылар арнайы марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы