Қарағанды облысына қарасты Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінде ұстаздардың ұйымдастыруымен Құран оқып-үйренуге қатысқан шәкірттерге арналған «Тәж кигізу» рәсімі өтті.
Атап айтқанда, Ташкенбайқызы Мадина, Дәуірғалиқызы Ақниет және Нұртайқызы Индира ұстаздардың бастамасымен өткен рухани іс-шараға қасиетті Құран Кәрім дәрісіне қатысып, сауатын ашқан 40 шәкірт қатысты. Шәкірттерге арнайы сертификаттар табысталып, олардың еңбектері жоғары бағаланды.
Кеш барысында Құран хатым түсіріліп, мешіт ұстаздары тарапынан уағыз-насихат айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы