Қарағанды қалалық «Бұқар жырау» мешітінде «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Игі шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетіліп, 80 отбасыға азық-түлік таратылды.
Мешіт ұжымы тарапынан көрсетілген бұл көмек – қоғамдағы мұқтаж жандарға жанашырлық танытып, Рамазан айының мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін қасиетін насихаттаудың жарқын көрінісі болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы