Center Image
IHSAN.KZ
Саран мешітінде жат ағымдардың зияны түсіндірілді
Саран мешітінде жат ағымдардың зияны түсіндірілді

Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінде жамағатқа «Жат ағымдардың зияны және олардың қоғамға тигізетін теріс ықпалы» тақырыбында насихат айтылды.

Кездесу барысында ислам дінінің негізгі ұстанымдары – бірлік, бейбітшілік, мейірімділік пен сабырлылық екені кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар дәстүрлі діни құндылықтар мен жат ағымдардың арасындағы айырмашылықтарға тоқталып, радикалды идеологиялардың қоғам тұрақтылығына, отбасы құндылықтарына және жастар тәрбиесіне тигізетін кері әсері жөнінде түсіндірме берілді.

Насихат барысында дінді бұрмаланған түрде түсіндіру арқылы адамдарды өз ықпалына тартуға тырысатын ағымдардың әрекеті сөз етілді. Мұндай идеологиялардың қоғамда алауыздық туғызып, ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтарға кері әсер етуі мүмкін екені айтылды.

Сондай-ақ жамағатқа діни ақпаратты тек сенімді әрі ресми дереккөздерден алу, күмәнді уағызшылар мен интернеттегі белгісіз діни ақпараттарға сақтықпен қарау қажеттігі ескертілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz