Дүниежүзілік тазалық күніне орай Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт аумағында сенбілік өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мешіт аумағының тазалығын қамтамасыз ету, абаттандыру жұмыстарын жүргізу және тазалық сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Сенбілік барысында мешіт ауласы мен оған іргелес аумақтар қоқыстан тазартылып, аумақты ретке келтіру және абаттандыру жұмыстары атқарылды. Жиналған қоқыстар арнайы техника көмегімен белгіленген орындарға шығарылды.
Тазалық жұмыстарына мешіт қызметкерлері мен шәкірттері белсенді қатысып, мешіт аумағының көркеюіне өз үлестерін қосты.
Айта кетейік, тазалық сақтау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау – қоғамдық мәдениетті қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі. Осыған орай «Ар-Рахман» мешітінде тазалық пен абаттандыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы