Center Image
IHSAN.KZ
ШАХТИНСК: «НАШАҚОРЛЫҚ – ҚҰРДЫМҒА КЕТІРЕДІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ШАХТИНСК: «НАШАҚОРЛЫҚ – ҚҰРДЫМҒА КЕТІРЕДІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы «Нашақорлық – құрдымға кетіреді» тақырыбында жастармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жастарға есірткі мен зиянды әдеттердің адам өміріне, денсаулығына, отбасына және қоғамға тигізер зардаптары жөнінде насихат айтылды. Сондай-ақ Ислам дінінде адам өмірі мен денсаулығын сақтау үлкен аманат екені түсіндірілді.

Имам жастарды жат әдеттерден аулақ болып, уақытты тиімді пайдалануға, білім алуға, спортпен шұғылдануға және қоғамға пайдалы азамат болуға шақырды.

Кездесу соңында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, салауатты әрі саналы өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz