Абай ауданында Рухани келісім күніне орай дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шара барысында аудан имамы Асхат Қанайұлы қоғамдағы рухани келісім мен татулықты нығайтуға қосқан үлесі үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Жиында рухани келісімді сақтау, қоғамдық тұрақтылықты нығайту және дінаралық татулықты дәріптеу мәселелері қозғалды.
Рухани келісім күні – қоғамдағы бейбітшілік пен бірлікті, өзара құрмет пен түсіністікті насихаттайтын маңызды күн. Осындай игі бастамалар ел ішіндегі татулықты нығайтып, ортақ құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы