Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен студенттерге «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында рухани кездесу ұйымдастырылды.
Жиынды мешіттің наиб имамы Дархан Түменбай жүргізіп, жастарға діни сауаттылықты арттырудың, дәстүрлі дін құндылықтарын дұрыс түсінудің және түрлі жат ағымдардың ықпалынан сақтанудың маңыздылығы туралы түсіндірді.
Кездесу барысында жастарды теріс діни идеологиядан қорғау, ақпаратты дұрыс саралау, діни мәселелерде сенімді дереккөздерге сүйену және күмәнді діни ақпаратқа сын көзбен қарау мәселелері қозғалды.
Сонымен қатар, студенттерге кез келген діни ақпаратты тексеріп, діни сұрақтар бойынша білікті мамандардан кеңес алудың маңыздылығы айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы