Center Image
IHSAN.KZ
Топар кенті мешітінің имамы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды
Топар кенті мешітінің имамы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды

Абай ауданында Рухани келісім күніне орай ұйымдастырылған дөңгелек үстел отырысында Топар кентіндегі «Жұмабек Тәшен» мешітінің имамы Мұрсали Қаленұлы аудан әкімінің орынбасары атынан Алғыс хатпен марапатталды.

Жиын барысында имам Мұрсали Қаленұлы сөз сөйлеп, қатысушыларды Рухани келісім күнімен құттықтады. Сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен татулықтың, дінаралық келісім мен өзара құрметтің маңыздылығын атап өтті.

Алғыс хат – имамның рухани келісімді нығайтуға және қоғамдағы татулықты дәріптеуге қосқан үлесіне көрсетілген құрмет.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz