18 қазан – Рухани келісім күніне орай Шахтинск қаласындағы Бұхар жырау атындағы орталық қалалық кітапханада рухани кездесу өтті. Іс-шараға Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлы және өзге де дін өкілдері арнайы қонақ ретінде қатысты.
Шахтинск технологиялық колледжінің студенттері қатысқан басқосу қоғамдағы татулық пен өзара құрметті нығайтуға, жастарға рухани келісімнің маңызын түсіндіруге арналды. Түрлі дін өкілдерінің жастармен бір ортада жүздесуі ашық пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Рухани келісім – ел ішіндегі тұрақтылық пен бейбіт өмірдің маңызды негіздерінің бірі. Өзгенің сеніміне құрметпен қарау, адамдар арасындағы сыйластықты сақтау және ортақ игілік жолында бірлесе әрекет ету қоғам бірлігін бекемдейді. Бұл құндылықтарды жастардың бойына сіңіруде осындай кездесулердің орны ерекше.
Тағылымды басқосу студенттердің рухани дүниетанымын кеңейтуге, қоғамдық келісім мен ауызбіршіліктің қадірін ұғынуына бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы