Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында уағыз-насихат түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Уағыз барысында құдайы астың мәні мен маңызы, ас беру мәдениеті және марқұмдарға дұға бағыштаудың әдебі түсіндірілді. Сонымен қатар ас беру кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу, даңғазалықтан аулақ болу және шамаға қарай амал ету қажеттігі айтылды.
Құдайы ас – елдің басын қосып, марқұмды еске алуға, дұға жасап, сауапты амалдарды орындауға арналған игі дәстүр. Оның негізгі мақсаты – өзгелермен жарысу емес, Алланың разылығын көздеп, ізгілік пен бауырмалдықты дәріптеу.
Жамағатқа дініміздегі үнемшілдік, қарапайымдылық және қайырымдылық құндылықтарының маңызы насихатталды.
Алла Тағала жасаған ізгі амалдарымызды қабыл етіп, дүниеден өткен марқұмдарымызды рақымына бөлесін!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы