Center Image
IHSAN.KZ
«Міржақып Дулатұлы» мешітінде «Сен қымбатсың!» тақырыбында рухани басқосу өтті
«Міржақып Дулатұлы» мешітінде «Сен қымбатсың!» тақырыбында рухани басқосу өтті

Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған «Сен қымбатсың!» тақырыбында рухани басқосу ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында әйелдер жамағатына арнайы дастархан жайылды. Кездесудің алғы сөзін мешіт имамы Мирас Ерланұлы сөйлеп, шараның мәні мен мақсатын түсіндірді.

Рухани басқосуға спикер ретінде Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Арай Серғалиқызы қатысып, әйел адамның қоғамдағы және отбасындағы орны, рухани құндылықтар мен өзін бағалаудың маңызы жөнінде насихат айтты. Сонымен қатар Құран оқылып, жиналған жамағатқа рухани әсер сыйлады.

Тағылымды кездесудің мақсаты – әйел-қыздар жамағатының рухани білімін арттыру, имандылықты нығайту және өз қадір-қасиетін бағалай білуге үндеп, ізгілікке шақыру.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz