Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде «Адамзаттың абзалы жүрегімде мәңгілік» атты мәуліт кеші өтті
«Төлеутай ата» мешітінде «Адамзаттың абзалы жүрегімде мәңгілік» атты мәуліт кеші өтті

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Адамзаттың абзалы жүрегімде мәңгілік» атты рухани мәуліт кеші өтті.

Тағылымды кешке ақсақалдар, мешіт жамағаты, дін қызметкерлері мен мешіт шәкірттері қатысып, Алла елшісі Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) өнегелі өмірі мен көркем мінезін ұлықтады.

Алдымен мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы жиналған жамағатқа Мәуліт айының маңыздылығы жөнінде насихат айтып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетін ұстанудың, көркем мінез бен ізгі амалдарды өмірлік ұстанымға айналдырудың маңызын түсіндірді.

Кеш барысында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы мен Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің имамы Оралбай Әділбекұлы уағыз-насихат айтып, ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) адамзатқа қалдырған рухани мұрасы мен өнегелі жолы туралы ой қозғады.

Сонымен қатар Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Сұлтан Аманжолұлы мәуліт оқып, рухани кештің мазмұнын аша түсті.

Ізгілік пен имандылықты ұлықтаған кештің мақсаты – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірін насихаттау, жамағаттың рухани танымын арттыру және мұсылман қауымын көркем мінезге, бауырмалдық пен ізгілікке шақыру.

Рухани басқосу жамағатқа ерекше әсер сыйлап, жүректерге имандылық нұрын ұялатқан тағылымды кешке айналды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz