Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде волейболдан жолдастық кездесу өтті
«Бала қажы» мешітінде волейболдан жолдастық кездесу өтті

18 қазан – Рухани келісім күніне орай Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің қызметкерлері мен жамағаты арасында волейболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды.

Спорттық шара барысында қатысушылар өзара бақ сынасып, командалық рух пен ауызбіршіліктің үлгісін көрсетті. Жолдастық кездесу жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, дене белсенділігін арттыруға және ортақ құндылықтар төңірегінде бірігуіне мүмкіндік берді.

Рухани келісім күні – қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты, өзара түсіністік пен сыйластықты дәріптейтін маңызды күн. Осы орайда ұйымдастырылған спорттық шара бірлік пен татулықтың маңызын айқындай түсті.

«Бала қажы» мешітінде өткізілген мұндай игі бастамалар жамағат арасындағы бауырмалдықты арттырып, жастарды салауатты өмір салтына баулуға және достық пен ынтымақты нығайтуға бағытталған.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz