Center Image
IHSAN.KZ
Байқадам ауылында мешіт жастары арасында волейболдан сайыс өтті
Байқадам ауылында мешіт жастары арасында волейболдан сайыс өтті

Бұқар жырау ауданы, Байқадам ауылдық «Ғыйзат қажы» мешітінің имамы Орынбай Ерланның ұйымдастыруымен мешіт жастары арасында волейболдан спорттық сайыс өтті.

Спорттық шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру және өзара бауырмалдық пен достықты нығайту.

Жарыс барысында жастар өзара бақ сынасып, командалық ауызбіршілік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Мұндай спорттық шаралар жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, өзара сыйластықты арттыруына және ортақ құндылықтар төңірегінде бірігуіне мүмкіндік береді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz