Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құрма — сан түрлі дерттің таптырмас шипасы
19 шілде, 2013 жыл 455 Басып шығару нұсқасы

Құрма — сан түрлі дерттің таптырмас шипасыҒалымдар құрманың А Е, С, Р дәрумендері, натрий, калий, магний, калций, темір, фосфат, қант, антиоксиданттар, органикалық қышқылдар, илік заттар, ақуыздар, көмірсулар секілді минералдарға өте бай екендігін әлдеқашан дәлелдеген. Оның құрамындағы бай минералдар түрлі ауруларға ем ретінде ұсынылады. Осы бір қарапайым жемісте алуан түрлі дерттің шипасы жатқандығын біріміз білсек, біріміз білмейміз. Ал бүгін оның бірнеше ауруға шипалық қасиетін баяндамақпыз. «Алла бір ауруды жаратса, шипасын қоса жаратады» деген Пайғамбарымыз (с.а.у)-ның хадисі бар, демек әрбір аурудың да бір шипасы табылары анық. Халқымыз «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген. Ендеше, ауырмас бұрын оның алдын алайық. Төменде дәрумен жемістің бірнеше шипалық қасиетін ұсынбақпыз.


• Жеміс құрамындағы қанттар, әсіресе глюкоза, фруктоза, калий жүрек-тамыр жүйесін қамтамасыз етеді. Жүрек бұлшықетін қатайтады;
• Ал темірге бай болғандықтан қан аздыққа пайдалы;
• Глюкоза қан құрамын реттейді. С, Р дәрумендері көктамырдың әлсіздігін азайтады. Бұл микроэлементтер жүрекке өте пайдалы. Оған қоса артериялық қан қысымын реттейді және қан қысымы артқанда қалпына келтіру үшін қолданылады;
• Жеміс бета-каротинге бай болғандықтан, көру қабілетін жақсартады.
• Бета-каротин тыныс алу жүйесін қамтамасыз етеді;
• Бронх пен өкпенің қабынуын сауықтырады;
• Жүйке жүйесін тыныштандырады, жұмыс істеу қабілетін жақсартады. Ол сергіткіш әсер береді. Миға салмақ түсіретін, қарбаласта жұмыс істейтіндерге жемісті үзбей жеп тұру керек; Ол мидың жұмыс істеу қабілетін күшейтеді;
• Құрамында йод көп, ол адамдардың қалқанша безі ауруына шипа болады.
• Көп уақыттан бері қуық пен бүйрек ауруын емдеуге қолданылады.
• Ұмытшақтық ауруын емдеуде зор жетістікке жетті.
• Құрамында А, С дәрумендері көп болғандықтан, салқын тигенде сауықтырады. Салқын тиіп, жөтел пайда болса, 1 құрма жемісі шырынын 3,5 ас қасық жылы сумен қосып тамақты шаю қажет.
• Адам күйзеліске ұшырағанда жанға тыныштық сыйлайды.
• Күніне 1 құрма жеу ағзаны магниймен байытады, ұйқының ты-ныштығын қамтамасыз етеді. Ал фруктоза мен глюкоза көңіл күйді көтереді.
• Каротиннің көптігі теріге де пайдалы. Бетке безеу шыққанда, бетте ұсақ тесіктер пайда болғанда олармен бірден-бір күресуші құрма жемісі болып табылады. Бұл жемістен бетке маска жасаған да, денеге арналған гель қолданған да пайдалы. Ол денені ылғалдандырады және жасартады.
• Қан айналымын реттейді. Жара шыққанда, дене күйген кезде күйікті тез жазуға көмектеседі.
• Дәрумендері мен микроэлементтер мерзімдік авитоминозға таптырмас ем.
• B1, B2 дәрумендерінің қатар кездесуі бауыр қызметін жақсартады;
• Қатерлі ісіктен (рак) сақтайды. А дәрумені ағзада қатерлі ісік жасушаларының қалыптасуына тосқауыл қояды.
• Фосфор мен калцийдің көптігі сүйек ауруларынан қорғайды;
• Ас қорытуға пайдалы;
• Жаңа піскен құрма адам терісіне пайдалы. Жүктілік кезінде және күнге күюден түскен дақтарды кетіреді;
• Жаңа піскен құрмада қант көп болғанымен, адамды семіздікке шалдықтырмайды.
• Жеңіл босануға септігін тигізеді. Босанған әйелдердің әлсіреген денесін тыңайтып, сергектігін арттырады. Ана сүтінің молаюына жәрдем етеді.
• Магний жеткілікті болғандықтан бүйрек жұмысын жеңілдетеді, тас жиналуды тежейді.
Қарсы көрсетілімі:
Қант диабетімен ауыратын және семіруге бейім жандар құрма жемісін көп пайдаланбағаны жөн.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары