Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Дүниеқұмар болмау
15 қазан, 2021 жыл 274 Басып шығару нұсқасы

Ең әуелі бізді мұсылман үмметінен еткен, бізге әр сәт қаншама нығметке бөлеп отырған Аллаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын! “Тірі Құран” бола білген, мінезі көпке үлгі болған сүйікті Елшімізге (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шексіз салауаттар мен сәлемдер болсын!

Дінімізде мұсылманның қас сипатының бірі ретінде қанағатшыл болуды, мүсәпір күйге түсіп, алақан жайып, ешкімге кіріптар болмау керектігін насихаттаған. Тіпті, Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің өнегелі өмірімен жеке тұлғаның әлеуметтік-экономикалық жай-күйі қалай болу керектігін де үйреткен. Сахабаларының бірі: “Уа Алланың Елшісі! Маған қайырлы бір іс туралы айтсаң. Ол істі жасағанымда Алла да, адамдар да жақсы көрсін!” дейді. Хақ Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): “Дүниеқұмар болма. Сені сонда Алла жақсы көреді. Өзгенің мүлкіне сұқтанба, сонда адамдар да сені жақсы көреді”, — деп жауап береді.

Алла Тағала қасиетті Құранда былай деген: «Біліп қойыңдар! Шын мәнінде, дүние тіршілігі бір ойын, ермек, сән ғана. Өзара мақтанысу, сондай-ақ мал-дүние мен балаларды көбейтудің жарысы. Бейне бір өсірген өсімдігімен егіншілерді таңқалдыратын жаңбыр сияқты. Сосын қурап, сап-сары болғанын көресің. Содан кейін үгінді болады. Дүние тіршілігі де сол сияқты. Ал ақыретте (кәпірлер үшін) қатты азап, (мүминдар үшін) Алладан жарылқау, ризалық бар. Негізінде, дүние тіршілігі алданыштан басқа ештеңе де емес» («Хадид» сүресі, 20-аят).

Алла сүйікті құлдарының қатарынан еткей!

 

Сәтбаев қаласы

«Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің

ұстазы Бауыржан Амангелдіұлы

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары