Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қажылық парызы
22 тамыз, 2013 жыл 341 Басып шығару нұсқасы

Қажылық парызыҚажылық – (шәууал, зуль қаьда және зулхижжаның онына дейінгі) белгілі айлар. Кім ол айларда (ихрам байланып) міндеттенсе, қажылық кезінде әйелге жақындасуға, күнә істеуге және жанжалдасуға болмайды. Нендей жақсы іс істесеңдер Аллаһ оны біледі. Және азық алыңдар. Негізінде азықтың жақсысы – тақуалық. Ей, ақыл иелері! Менен ғана қорқыңдар.
Сендерге Раббыларыңның кеңшілігін іздеулеріңнің (кәсіп істеулеріңнің) оқасы жоқ. Қашан арафаттан қайтсаңдар Машьарил – харамның қасында, Аллаһты еске алыңдар. Сондай - ақ Оны, сендерді тура жолға салғанындай еске алыңдар. Өйткені сендер адасқандардан едіңдер.
Содан соң ел қайтқан жерден қайтыңдар да, Аллаһтан жарылқау тілеңдер. Күдіксіз Аллаһ өте Жарылқаушы, ерекше Мейірімді.
Қашан қажылық амалдарыңды өтесеңдер Минада Аллаһты ата-бабаларыңды еске алғандай, тіпті одан да артық еске алыңдар (зікір етіңдер). Сонда адамдардан кім : «Раббымыз! Бізге дүниеде ғана жақсылық бер!» - десе, оларға ақыретте несібе жоқ.
Олардан басқалары : «Раббымыз! Бізге дүниеде де, ақыретте де жақсылық бер. Және тозақ отының азабынан сақта!»- дейді.
Міне, осылар үшін амалдарынан үлес бар. Себебі, Аллаһ есепті тез көруші
( Әл-Бақара, 197-202 ).
Ең алдымен құлдарына Қасиетті Үйге қажылық жасауды парыз қылып, оны күнә мен қателіктерден тазару жолы еткен Аллаһқа мадақ! Бұрын- соңды тауап және сағи жасағандардың абзалы – ардақты пайғамбарымызға, оның отбасына, сахабалары мен соңына ерген барша мүміндерге Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын !
Қымбатты қажылар! Қасиетті жерге жасайтын қадамдарыңыз қайырлы болсын. Аллаһтың ризашылығы ұшін шынайы құлшылық пен пайғамбар сүннетіне сай умра мен қажылық рәсімдерін дұрыс орындау жолында Раббымыздың сіздерге жеңілдік беруін сұраймыз. Сауабы мол осынау ғибадаттарыңыз қабыл болып, дүние ақыреттің нығметіне бөленулеріңізге тілектеспіз. Биылғы жылы қажылыққа Балқаш қаласынан 5 кісі барғалы жатыр. Қазан айының 15 нен бастап қажылық сапарына аттанады.
Пайғамбарымыз ( с.ғ.с):
«Ұмра өткен күнәларды жуады, ал хаж мабрурдың ( шынайы қажылық ) сыйлығы тек жаннат » , - деген (Бұхари, Муслим).
Хаж мабрур дегеніміз – мұсылманның қажылық рәсімдерін аса ұқыптылықпен күнә - кемшіліктерге бой алдырмай орындауы.Бұл – Аллаһ қабыл еткен қажылық. Оның белгісі адамның тәубеге келуі мен қайтып күнә жасамауға деген тоқтамы. Хаж мабрур – жалғандықтан аулақ шынайы қажылық. Ал оның сыйлығы тек қана жаннат.
Ей қажылықты ниет еткен бауырым, Жомарт та Ұлық Жаратушының қонағы. Жолаушылардың әр тобында жетекші, әр сапарда жолбасшы болатынын біліңіз. Қажылық өтеушілердің жетекшісі Мұхаммед (с.ғ.с.), ал жол көрсетушісі оның өнегесі мен сүннеті болып табылады.
Сондықтан арддақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қажылық рәсімдерін менен үйреніңдер»,- деген.
Сол себепті Аллаһтың Қасиетті Үйіне ұмра не қажылық жасағысы келген әрбір мұсылман оны пайғамбардың (с.ғ.с.) қалай өтегенін білуге міндетті. Ол үшін қажылық рәсімдері анық жазылған сахих кітаптарды оқып, түсініксіз қиын сәттерде білікті адамдардан сұрап білгені абзал.
Қолыңыздағы бұл кітап – қажылық рәсімдері қарапайым түсіндірілген, ұғынықты тілмен жазылған, суреттер мен сызбаларға бай жаңаша безендірілген, қажылықты өтеушілер үшін таптырмас құрал.
Ей, Рахманның қонақтары! Сіздер үшін бұл бір үгіт. Қажылық уақытын барынша пайдалы, тиімді өткізуге бар күш-жігерлеріңізді салуларыңызды ескертеміз. Әл-Харам мешітінде Аллаһтың ризашылығы үшін көбірек ғибадат жасауыңызды, намаз оқуыңызды және одан тосатын істердің бәрін тастап, дүние істерін ойлаудан аулақ болуыңызды өсиет етеміз !
Аллаһ тағала:
«Қажылық белгілі айларда орындалады Кім ол айларда қажылық өтеуге міндеттенсе, қажылық кезінде әйелге жақындасу, күнә істеу және жанжал жоқ» ( Бақара, 197):
«Шынында қарсы болғандарға Аллаһтың жолынан, сондай-ақ Біз: оның тұрғындарымен шеттен келуші адамдарға тең қылған Харам мешітінен тосқандарға және кім онда зұлымдықпен жолдан шығуды қаласа, оған жан түршігерлік азаптың дәмін таттырамыз»,- деген (Хаж,25).
Аллаһ қажылықтарыңызды қабыл етіп, амалдарыңызға сауап жазсын және күнәларыңызды кешірсін. Жетекшіміз – ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.), отбасына, оның сахабалары мен соңынан ергендерге Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын... Баршаңызға Аллаһтың тыныштығы мен нұры жаусын !
Жер бетінің қай түкпірінде болмасын мұсылмандардың жүректері Қасиетті Қағбаға қарай соғып тұрады. Ибраһимнің (алейһиссәләм) дәуірінен бері Аллаһ үйіне қажылық амалдарын орындау үшін олар әр тараптан ағылады. Қағба – Жаратқанға құлшылық қылулары үшін адамдарға арнап тұрғызылған алғашқы үй .
Аллаһ тағала:
«Негізінде адам баласы үшін алғаш құрылған үй- Меккедегі (Қағба). Ол- бүкіл әлем үшін береке және тура жол. Онда ашық белгілер, Ибраһимның орны бар. Сондай-ақ кім оған кірсе аман болады. Оның жолына шамасы келген кісілер, Аллаһ үшін Қағбаны зиярат ету (қажылық өтеу) керек. Ал кім қарсы келсе, Аллаһ барлық әлемнен бай», - деген ( Әли Имран 96-97).


Ислам тіректері


Исламның бес тірегі бар:
1. Аллаһтан өзге тәңір жоқтығы және Мұхаммед Оның елшісі екендігіне куәлік беру.
2. Намаз оқу
3. Зекет беру
4. Рамазан айында ораза ұстау
5. Аллаһтың қасиетті үйіне қажылық жасау
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
«Ислам бес (ұстынға) негізделген: Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқтығына және Мұхаммед Оның елшісі екеніне куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, қажылық жасау және рамазанда ораза тұту»,- деген (Бұхари)
Демек, қажылық жасау – Исламның басты тіректерінің бірі, шамасы келген кісі Аллаһтың үйіне қажылық жасамайынша кәміл мұсылман бола алмайды.Бірақ мұсылманға өмірінде бір рет қана қажылық жасау парыз, бұл да болса Аллаһ тағаланың кеңшілігі. Аллаһ қажылықты парыз еткенде бір кісі пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Әр жылы ма, о, Аллаһтың елшісі?»-деп сұраған.
Сонда пайғамбар (с.ғ.с.): «Қажылық бір рет, ал кім көбейтем десе ол өз еркінде», -деп жауап берген.
Қажылық жасаушы ниетін тек Аллаһ тағалаға арнап, амалына рия араластырмау керек.
Аллаһ тағала қудс хадисте:
«Кімде-кім Маған әлдебіреуді серік қосып амал істесе, оны қосқан серігімен жайына қалдырамын»,-деген.
Қажылық жасауға ниеттенген әрбір мұсылман сапарға шықпастан бұрын Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.) сүннетіне сай қажылық жасау амалдарын үйреніп алуы тиіс.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) : «Қажылық рәсімдерін менен үйреніңдер»,-деген.


Балқаш қаласының бас имамы
Марат қажы Аманжолов

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары