Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ысырап жасаушылар кімдер?
15 қараша, 2021 жыл 288 Басып шығару нұсқасы

Иә, ысырап жасаушылар кімдер?  Кез келген адам атаулысын ойландыратын сауал. Күнделікті күйбең тіршіліктің қамымен күн кешіп жүрміз. Алайда ішер асымыз, өткізген уақытымыз бен пайдаланатын затымызға ысырап жасамай жүрген күніміз қаншалықты аз, қанщалықты көп!? Ара-жігін ашып, тарқатып айтып көрелік.

Дәл қазіргі уақытта өтіп жатқан дүбірлі той, ұзын-сонар қонақ күтудің артында ас-ауқатқа ысырап жасап жататынымыз жасырын емес. Бұл орайда мейірімі шексіз Алла Тағала: «О, Адамның ұлдары! Әр мешіттің қасында жамылғыларыңа ораныңдар. Ішіңдер, жеңдер, бірақ ысырап қылмаңдар, себебі Ол ысырап жасаушыларды ұнатпайды»(әл-Араф сүресі, 31 аят)- деген еріксіз еске түседі.

«Ысырап» – ішіп-жеуде, киім кигенде, қаражат, мал-дүние жұмсағанда мақсатсыз, рәсуа жасауды білдіреді. Бұл дүниеге, ақша мен атаққа ғана қатысты емес. Уақытты бос өткізу, мағынасыз, пайдасыз өсек-аяң айтып алтын уақытты зая кетіру, біліміңді пайдасыз істерге жұмсау да ысырап. Алла Тағаланың бізге берген әр нығметін мақсатсыз, әділетсіз пайдалану ысырап болып табылады.

Алла елшісі өз үмбетіне: «Қиямет күнінде 4 сұраққа жауап бермей ешкім құтылмайды...»-деп ескерткен. Сол сұрақтар: Өз өміріңді қалай өткіздің? Біліміңді қалай пайдаландың? Дүние-мүлікті қалай тауып, қайда жараттың? Күшің мен денсаулығыңды неге жұмсадың?»

Тіл, есту қабілеті, көз жанары, ойлау қабілеті, көркем мінез-құлық, мықты денсаулық мұның бәрі Алланың адамға берген есепсіз нығметі. Бірақ өкінішке орай көпшілік бұл нығметтердің қадірін білмей, ұсақ-түйекке көңілі толмай жатады. Бұл да ысырап ету – бұл Алла Тағалаға бойұсынбау! Шектен шығу деп те айтуға болады.

Ысырап берекесіздікке алып келеді. Адам өзінде барға қанағат етпей, көп дүниені алуға ұмтылады, көп күшін жұмсайды. Алла Тағала: «Туысқаныңа, кедейге және жолаушыға тиісті ақысын бер, бірақ шектен тыс ысырап жасама. Шынында ысырап жасаушылар — шайтанның ағайыны, шайтандар өз Жаратушысына шүкірлік етпейді»-деген (әл-Исра сүресі, 26-27 аят).

Адамның өмірде көптеген қажеттіліктері болады. Және оларды әрдайым  бақылау қажет. Қасиетті Құранда олар туралы: «[Олар] [өз қаражаттары мен мүмкіндіктерін, уақыты мен күшін] жақсылыққа жұмасаса ысырап жасамайтындар және сараңдық танытпайтындар, олар бірінші мен екіншінің [алтын] ортасын табады [әр істе орта қалыпты ұстайды және жақсылыққа жақын, қажет жерінде - жомарт»-делінеді (Фуркан сүресі, 67 аят).

Бұл дегеніңіз адам барлық нәрседен өзін шектеп, бар бола тұра жоқшылықта өмір сүруі керек деген сөз емес. Тек шегін білуі керек. Ысырап жасамауды өзінара қадағалауы шарт. Алла елшісі: «Жеңдер, киініңдер және бағалы заттарыңды  ысырап қылып, өзгелерге көрсету үшін жұмсамаңдар. Алла Тағала құлының берген нығметтерді пайдаланғанын жақсы көреді»-деп өсиет етті.

Құрметті жамағат, біз де Алла елшісінің аманатын өздеріңізге насихаттауды жөн көрдік. Өзімізді, отбасымызды , айналамызды Алланың шексіз нығметінен құр  қалмау үшін себепсіз ысырапқа жол бермеуге шақырамыз.

Абай ауданының имамы

                                Аманбол Рымқұлұы Мукаев

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары