Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Нәпсі үшін күресу
17 қаңтар, 2022 жыл 313 Басып шығару нұсқасы

Егер сен этникалық мұсылман болсаң, бұл сенің сенімің кәміл деген сөз емес. Адам өмірге келген соң, уақыт өте келе іс-қылық, жүріс-тұрыс, мінез-құлық үлгілері қалыптаса бастайды. Әрине ол тірлікпен, адам өмір сүріп отырған ортамен тікелей байланысты. Және осы қалыптасу кезеңіндегі адамның іс-қылықтары дүниелік игіліктермен ұштасады. Дүние заты көздің жауын алады, адамның есін жаулайды. Дүниеге деген ұмтылыс адамның нәпсісіне жол ашады. Кейде адам шындықты жоғалтып алуы мүмкін.

  Мәселен, кейде фильм басталғанға дейінгі жарнама біткенше намаз оқып үлгеруге де тырысатын жағдайлар болады. Кей адамдар,намазды толық оқыдық дегенмен, астарында асығыстықты көреміз-дейді. Асығуының өзінде де маңызды іс емес, кино үшін... Мұның өзі құлшылыққа деген әлсіздік, нәпсінің әлсіздігі ма дерсің!?

Біздің сеніміміз – бұл жүрек нұры, жауапкершілік, шынайылық. Ал өз-өзіңе келгенде адал болу, Аллаға шынайы болу қаншалықты қиын екенін біз білеміз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) екіжүзділік діндар адамның сеніміне жаңбырлы түнде таста тайғанаған құмырсқаның жүрісінен де жай, білдірмей кіретінін айтқан.

Алла елшісінің айтқаны нақ шындық! Оны өзіміз де мойындаймыз, себебі мұндай жағдай бәріміздің басымызда бар.  Біз күн сайын Алланың хақ екенін, Мұхаммед Оның елшісі екенін айтамыз. Ал Жаратушының елшілері, кітаптары, періштелері, бізге парыз қылған құлшылықтары – нақ шындықтың өзі. Өкінішке қарай Алла хақ, Мұхаммед Оның елшісі екенін айтқанымызбен шындықтың нақ өзін тануға, орындауға, сезінуге ұмтылмаймыз. Себебі ауыз айтқанмен, көңілде, сенімімізді кірбің бар.

Сенімсіз жүрек әлсіз, қорғансыз. Сол себепті де әрбір ыңғайы келген сәтте ол дүниелік игілікке,  қажеттіліктерді қанағаттандыруға бар ынтасымен ұмтылып тұрады.

Сенімнің дәмін, шынайы дәмін сезген адамның жолы, тірлігі жеңіл. Мұсылманның өмірі – үнемі өз-өзімен күресу. Сенім үшін нәпсімен күресу бұл. Кін сайын таңғы намаздың уақыты келгенде періштелер «О, Алланың сүйіктісі! Тұр!» - деп намазға тұруын өтінсе, кешкісін жатарда шайтан: «Түн ұзақ. Тәтті ұйықта»-деп азғырып тұрады. Міне, күн сайынғы күрестің бір шеті. Және әр күн не нәпсінің, не сенімнің жеңісімен аяқталады. Нәпсісін жеңіп, кәміл сенімге жеткісі келетін адам бұл күрестің жан-жақты жүретінін естен шығармаса керек. Оның күнделікті тірліктегі, жұмыстағы, үйдегі, даладағы әр ісі сенімнің қорғаны. Сол арқылы оның сенімі кемелдене түседі. Өз жүрегіндегі, сана-түйсігіндегі көлеңкемен күресу – Аллаға жақындағысы келетін әр адамның кейінге қалдырылмайтын міндеті. Оны әр түрлі ұсақ себеппен кейінге қалдыру арқылы, адам өз нәпсісінен жеңіле бермек. Сөйтіп, көзді ашып жұмғанша өмірі өтіп кеткенде, күрестің нендей қажеті қалады?

Абай ауданының орталық

мешітінің бас имамы

Аманбол Рымқұлұлы  Мукаев

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары