Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Зікірдің құдыреті қандай?
20 желтоқсан, 2021 жыл 364 Басып шығару нұсқасы

Зікірге небәрі үш минут уақыт кетеді.

Төмендегі зікірді оқыған адамға Жәннат міндетті болады.

Алла Елшісінің, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) , былай дегені риуаят етілген: «Кешкі уақытта кәміл сеніммен «Аллаһуммә Әнтә Рабби, лә иләһа иллә Әнтә, халәқтәни уә әнә `абдукә, уә әнә `алә аһдикә уә уә`дикә мә-стәтағту, ә`узу бикә мин шәрри мә санә`ту, әбуу ләкә бини`мәтикә `әләййа, уә әбу-у би-занби, фәғфир ли фә иннәһу лә йағфиру-з-зунубә иллә Әнта» (Я, Аллаһ! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен мені жараттың, ал мен Сенің құлыңмын. Meн күш-құдіретім  жеткенше Саған деген уәдемді, әрі сертімді сақтаймын. Әрі жасаған істерімнің жамандығынан Өзіңе сиынамын. Маған берген нығметтеріңді мойындаймын, әрі күналарымды да мойындаймын. Мені жарылқай гөр! Шын мәнінде, Сенен өзге күнәларды жарылқаушы ешкім жоқ) деп айтып, сол түнде қайтыс болған адам Жәннатқа кіреді; ал, мұны таңертеңгі уақытта айтып, сол күні қайтыс болған адам Жәннатқа кіреді» (Бұхари).

- Басқа да зікірлер.

Пайғамбар, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген: «Мүмін ерлер мен әйелдер үшін жарылқау сұраған адамға Алла Тағала әрбір мүмін ер мен әйелдің сауабын жазады» (Тәбәрани).  

Пайғамбардың, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) , сөздерінен жеткізілген: «”Радыйту биЛляхи Раббан, уа биль-ислами динән уа би-Мухаммадин расулян” (Аллаға Раббы ретінде, исламға дін ретінде және Мұахммедке елші ретінде разымын) деген адам үшін Жәннат міндетті болады» (Әбу Дауд). Осы зікірді әр таң мен кеште үш реттен айтып жүрсе Алланың рақымына бөлене аламыз Алла қаласа.

Алла Елшісі, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) , мына сөздерімен бізді қуантты: «Таңертеңгі немесе кешкі уақытта: «Аллахумма, инни әсбәхту (инни әмсайту) ушхиду-кя уа ушхиду хамалята 'арши-кя, уа маляикята-кя уа джами'а хальки-кя әннә-кя Әнтә Ллаху ля иляха илля Әнтә уахда-кя ля шәрикә ля-кя, уа әннә Мухаммадан 'абду-кя уа расулю-кя», - деп төрт рет айтқан адамға Тозақ оты харам етіледі».

Төмендегі сөздерді 100 рет айтуға ештеңе тең келмейді. Пайғамбар, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) , былай деген: «Бір күнде "Субханаллахи уа бихамдихи" деп жүз рет айтқан адамның күнәлары теңіз көбігіндей көп болса да кешіріледі» (Бұхари мен Муслим). Сондай-ақ, басқа хадисте былай делінеді: «Қиямет Күні таңертеңгі және кешкі уақытта «Субханаллахи уа бихамдихи» деп жүз рет айтқан адамнан артық амалдарымен тақуа жан болмайды, осы сөздерді осыншама мәрте немесе одан да көп айтқандарды қоспағанда» (Муслим).

 

Валиев Ахмадулла

Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары