Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мүмін адамның бес сипаты.
14 маусым, 2024 жыл 1048 Басып шығару нұсқасы

Кейбір жандар Құдайы ас берсем, Құран оқытсам немесе Құдайы асқа барып қол жайсам сол менің мұсылмандығым деп ойлайды, алайда мүмін-мұсылман аталамын деген адамның бойында мүмін-мұсылманның мына 5 сипаты болуы керек.

Әл-Әнфал сүресінің екінші, үшінші аяттарында Аса Ұлық Алла тағала: «Шынайы мүміндер – Алланың аты аталғанда, жүрегі діріл қағатын, аяттары оқылғанда, иманы беки түсетін һәм Раббыларына барынша тәуекел ететін жандар».«Сондай-ақ олар намазды кемеліне жеткізіп үзбей әрі уақытылы оқиды және өздеріне ризық ретінде не берген болсақ, соның бір парасын (міндет етпей) ізгілік жолында жұмсайды.» - дейді

Бұл аяттарда мүмін адамның мына бес сипаты келтірілген:

  • Алла еске алынғанда жүрегі елжірейді екен
  • Аяттар оқылғанды иманы беки түседі екен
  • Құдайларына тәуекел етеді екен
  • Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей уақытылы оқиды екен
  • Қандай бір жақсылық берілген болса оны өзгеге немесе жақсылық жолында жұмсай алады екен

Төртінші аятта Алла Тағала «Міне, солар – нағыз мүміндер.» - деу арқылы осы бес қасиеті бар адамдарды мүмін деген мәртебелі атауға лайық демек. Осы қасиеттердің бойымызда болуын қатаң қадағалуымыз керек. Сонда мүмін деген атауға және оларға берілетін игіліктерге лайық боламыз

«Мүміндер үшін Раббыларының жанында бірінен бірі асатын жоғары мәртебелер, (көптеген игіліктің басы болатын) кешірім әрі қайырлы мол ризық (ретінде жаннат нығметтері) бар.»

(Әл-Әнфал сүресі 4-ші аят)

"Қазыбек би" мешітінің имамы Ербол Мұқанұлы

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары