Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сіз ішімдік қойылған тойға барасыз ба?
17 қыркүйек, 2013 жыл 426 Басып шығару нұсқасы

Сіз ішімдік қойылған тойға барасыз ба?Мұсылман отбасылардың тойларындағы дастархан мен ойын-сауықтар Ислами шарттарға сай болуы керек. Бірақ тойда ішімдік ішіп, би билейтіні әу басынан белгілі болса, мұндай шақыруларға бармаған дұрыс. Егер білместікпен қатысса, кейін ішімдік ішілетіні белгілі болса, онда той иесінен рұқсат алып және орта қолайлы болса қарсылығын да білдіріп, кетіп қалғаны жөн. Өйткені мұндай жерде отырған мүминнің шамасы келетін болса, шариғатқа сай келмейтін нәрселерге қарсы болуға тырысу міндеті бар. Ал бұл міндетін атқара алатын мүмкіндік болмаса, ол жерден кетіп қалуға шамасы келеді. Әсіресе, бұл адам мүфти, имам немесе ғалым адам болса, қоғамға үлгі болғандықтан, мұндай дастарханда отыруы басқалардың да қателесуіне жол ашады және жауапкершілігі де үлкен болады. Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с.): „Аллаһқа және ахірет күніне сенген адам ішімдік ішілген дастарханға отырмасын!„-деп бұйырған.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары