Шектен тыс толу – адам атаулысы үшін тым ыңғайсыз. Ауырып жүріп не дәрі-дәрмек қабылдап жүріп толудың тақыры бір бөлек. Ал денесінің толысқанын тамақтану ретінің дұрыс болмауынан деп айтатындар да баршылық. Бұл турасында асыл дінімізде не дейді? Шетін тарқатып айтып көрелік.
Хадисте келтірілген: «Үмбетім жайында ең қорыққан нәрселерім: үлкен қарын мен көп ұйқы. Жалқаулық пен «яқин» әлсіздігі» деп, үлкен қауіптің басын ашады. Семіздік адам тәнінің ғана сұлулығын алып қоймайды, рухын да аздырады» Нәби (с.ғ.с.) Мәдине халқына қатысты: «Бұл жердің тұрғындары қарны ашпай тамаққа отырмайды әрі тоймаған күйі дастарқаннан тұрады. Қыз баласының тамақтануына байланысты айтылған қыз баласы өзінің жұдырығындай ғана тамақ ішсе сол күні бойғы азығы деген де бар. Бұл сөздерден қыз баласына ғана емес, жалпы адамзатқа бағыттала айтылып кетекен дейміз. Ал халқымызда «Тәні саудың жаны сау» деген даналы сөздің астарында үлкен мән-мағына жатыр. Тән мен денсаулықты барынша күтіп жүру – әр мұсылманның өзіндік міндеті. Өз ағзасын күту және салауатты өмір салтын ұстану – Исламның ажырамас бөлігі. Салауатты өмір салтын ұстануда адамның денсаулығына пайдалы бірқатар кеңестер сүннетте сипатталған. Алла елшісінің насихат еткен кеңестеріне көңіл бөлелік: Мұхаммед Пайғамбарымыз: «Шынында сенің тәніңнің сенде хақы бар»-деген. Адам ағзасы – Алла Тағаланың адамға берген аманаты, есепсіз нығметі. Біз оны қалай сақтасақ, қалай қорғап, күтсек ол да біздің құлшылығымыз іспеттес. Ал тән мен денсаулықты күтпеу аманатқа қиянат жасағанмен пара пар. Және бұл спортпен шұғылдануды, дұрыс тамақтануды, тыйым салынғаннан аулақ болуды және жеке бас тазалығын сақтауды қамтиды. Алла елшісі: «Асқан тақуа Алланың алдында әлсіз тақуаға қарағанда сүйікті, дегенмен әр қайсының жақсылығы бар...»-деген. Мұның астарында да рухани және физикалық мықтылықты меңзеу бар. Алланың аманатын күту де тақуалықты көрсетсе керек.
Адам үшін денсаулығын күтуге, жақсартуға бағытталған неше түрлі спорт түрлері бар, ал хадисте: «Өз балаларыңды жүзуге және атқа мінуге үйретіңдер»-делінеді. Аталаған екі спорт түрі де адам ағзасы үшін өте пайдалы. Басқа хадисте: «Мұсылманның назарын Аллаға құлшылық етуден аударатын кез-келген іс-әрекет уақытты босқа өткізу болып табылады, тек төрт іс бұған қосылмайды: нысана көздеп ату, атқа міну, отбасындағы ойындар мен суда жүзу»-делінеді.
Дұрыс тамақтануды ұмытпау қажет. Тамақтануға қатысты Мұхаммед Пайғамбардың сүннеті қашанда өзекті қағида болып табылады.
Салауатты өмір салтына ұмтылғанда иман мықты болмай адам денсаулығы мықты болмайтынын ұғып алған жөн. Сол себепті де қандай болсын спорт түрі діни міндеттердің алдына шықпауы қажет. Қашанда Алланы тану бірінші орында тұрса керек-ті. Сонымен қатар спортпен шұғылдану да шариғат талаптарына қайшы келмеуі тиіс, яғни ерлер мен әйелдердің бір жерде жаттықпағаны, әйел баласының жабысқақ, ашық-өрескел көрінетін киімнен алыс болғаны абзал.
Аманбол Мукаев,
Абай ауданы бойынша бас имамы
ihsan.kz
Пікірлер